10.07.2018, 9:19
Оқылды: 51

Мәмбет ауылында кітапхана мен ойын алаңы ашылды

Orda oiyn alanyСайқын ауылдық округінің іргесіндегі Мәмбет елді мекенінде қос бірдей нысан пайдалануға беріліп, тұрғындар қуанышқа кенелді.


Алдымен ауылдағы саябақ маңында балалардың ойын алаңы ашылды. Мердігер «Махан» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Досжан Әбуовтың айтуынша, алаңды салуға 530 мың теңге жұмсалған.

Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Лариса Тельманқызы тұрғындарды қуаныштарымен құттықтаса, ауылдың үлкені, зейнеткер Әмина Жақсығұлова бүлдіршіндерді  қуанышқа бөлеген жандарға аналық алғысын жеткізді.

Ойын алаңының есігіне керілген лентаны Әмина әжей мен округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Қадешев қиған соң, жиналған жұртшылық балаларымен алаңдағы әткеншектердің жанынан табылды.

Orda kitaphanaДәл осы күні ауылдық кітапхана да мәмбеттіктерге есігін айқара ашқан ашты. Денсаулық сақтау саласының ардагері Баян Құсайынова мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілеген Арыстанбеков тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, жастарды кітап оқуға, білім көкжиегін кеңейтуге үндеді.

Ата дәстүрмен ақжаулықты әжелер ақ ұсынып, шашу шашқан соң, кітапхана табалдырығын аттаған көпшілік мұндағы кітап қорымен, тақырыптық көрмелермен танысты.

Раушан ЖАНАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале