29.12.2017, 13:46
Оқылды: 18

Маңғыстаудан жүлдемен оралды

Ақтау қаласында қазақ күресінен 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген мұнайшысы, қоғам және мәдениет қайраткері, Қазақстан мұнай өнеркәсібінің үздігі Н.Марабаевтың құрметіне арналған IV республикалық ашық турнир өтті.

Байрақты бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен балғын палуандар қатысып, бақ сынады. Бұл жарысқа Жаңақала ауданы, Жаңажол ауылдық округінен 6 палуан қатысып, оның 2-і жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 24 келі салмақта Асылбек Елубаев пен 26 келі салмақта белдескен Ермұрат Ізбасаров қола жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ осы жарыста А.Елубаев пен Е.Ізбасаров спорт шеберіне үміткер атағына ие болды. Ал оларға күрес әліппесін үйретіп, баптап-баулыған, жаттықтырушы –Айбек Ишанов.

 Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале