15.12.2016, 19:05
Оқылды: 64

Марапатқа толы мерейлі мереке

screenshot_2016-12-16-13-01-10-1Бүгін Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған аудан әкімі Лавр Хайретдинов, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, аудандық дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, Ұлы Отан соғысының және еңбек ардагерлері, мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындары қатысты.


Аудан әкімі Лавр Хайретдинов мерейлі жыл аясында ауданның жеткен жетістіктерін баяндап, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен аудан халқын құттықтады.
Шарада ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекеттің дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Мемлекеттік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен ауыл шаруашылық саласының ардагері Жанболат Семенов пен «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ аудандық электр торабының диспетчері Насиулла Балғазиев марапатталды.
Мұнан соң «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауының орта және шағын кәсіпкерлік саласындағы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша қола жүлдегер «Бірлік мал зауыты» ЖШС марапатталды.
Сонымен қатар бірқатар еңбек озаттары облыс әкімі Алтай Көлгіновтың Құрмет грамотасымен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
screenshot_2016-12-16-13-06-31-1Ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан 25 жаңақалалыққа «Жаңақала ауданының құрметті азаматы» атағы беріліп, медалі табысталды.
Мұнан кейін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-әуқат қоры АҚ-ның арнайы сыйлығы берілді.

Сондай-ақ өз ісінің шебері, әртүрлі сала мамандарына, еңбек ардагерлеріне ҚР Орталық сайлау комиссиясы және облыстық басқармалар басшыларының, Жаңақала ауданы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.
Айта кетейік, республикалық салалық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасымен аудандық мәдени демалыс орталығының директоры Арна Едекешқызы және бөлім меңгерушісі Найля Есқалиқызы марапатталды.
Ал ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының алғыс хатымен Обаға қарсы күрес мекемесінің лаборанты Гулшамила Валитова марапатталды.
Республикалық «Білім шыңы – ғылым сыры» журналының «Мәңгілік елдің – мәртебелі мұғалімі» жобасының арнайы медалімен аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақ жаттықтырушысы Қайрат Маратұлы және БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хатымен мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды.
Соған қоса ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Дина Даниярқызы, Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алғыс хатымен Жаңақала ауданы әкімінің аппараты марапатталды.
Салтанатты шара соңы «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» фестивалі аясында аудан мекеме-ұжымдарының гала концертіне ұласты.

Алтынбек ЕРМЕКҚАЛИЕВ

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале