29.06.2018, 14:51
Оқылды: 23

Марапат қызметті жеңілдетпек

DSC08408Өткен аптада тойланған мемқызметшілер мен ҚР полиция күніне орай 13-Өрт сөндіру бөлімінің теңгеріміне су жаңа автокөліктер сыйға берілді.

Марапатты табыстаған БҚО әкімінің орынбасары М.Сатқанов мекеме қызметкерлеріне табыс тіледі.

- Қауіп пен қатерді қатар алып жүрген жұмыстарыңыз қандай марапатқа болса да лайық. Бейбіт күннің батыры болып жүре беріңіз. Қызметтеріңіз тек жемісін берсін,- деді.

Жаңа УРАЛ (4320) АЦ-5-40 және УАЗ автокөліктері бөлімше үшін таптырмайтын сый болғаны рас. Жол таңдамайтын өрт сөндіру машинасының су таситын сыйымдылығы 5 тонна. Бұл орташа есеппен 100 шаршы метрге кететін болғандықтан, ескі көлікпен өрт шыққан жерге бірнеше мәрте қатынауға тура келетін. Сондықтан құрал-жабдығы барлық заманға сай жабдықталған көлік қызметті біраз жеңілдетені қуантады. Ал УАЗ автокөлігі авариялық құтқару жұмыстарында  жоғалғандар мен жол апаты кезінде қысылған кісілерге көмек көрсетуге тиімді болмақ.

Әсем СЕРІКҚАЛИ,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале