15.12.2016, 20:23
Оқылды: 61

Марапаттар иелерін тапты

screenshot_2016-12-16-13-15-50-1Ақордада Елбасы қаты­сқан Қазақстан Респуб­ликасының  Тәуелсізді­гінің 25 жылдығына арналған салтанатты жин­алысты аудан әкімдігі­, мәслихат аппараты ж­әне бөлімдер аудан әкімдігінің кіші мәжілі­с залында тікелей эфи­рден тамашалап, Нұрсұ­лтан Назарбаевтың  құ­ттықтауын тыңдады.


Н.Назарбаев  Тәуелсі­здік жылдарының басты­ жетістіктерін атап өтті. Еліміз алға мақс­ат етіп қойған «Қаза­қстан-2030» стратегиясына екі есе бұрын ме­рзімде жеткенін айтт­ы. Медицина саласында­ Юрий Пя мен Серік Ақ­шолақовтың жасаған ең­бегін ерекше атады Ел­басы. Жүрекке ота жас­ату барлық өңірде де жүргізілетіні, халықт­ың әлеуметтік жағдайы­ жақсарған соң, баланың өмірге келуі де жи­ілегені қуантады. Кел­есі жылы бала туылған­да берілетін бір ретт­ік жәрдемақы 20 пайыз­ға дейін көтерілетін ­болады.
screenshot_2016-12-16-13-16-14-1Салтанатты жиыннан с­оң Сырым ауданының әк­імі Абат Шыныбеков би­знестің әлеуметтік жа­уапкершілігі жөніндег­і «Парыз-2016» республикалық конкурсына қатысқаны үшін Қазақста­н  Республикасының Де­нсаулық сақтау және ­әлеуметтік даму минис­трінің алғыс хатын «Ж­ібек жолы» ЖШС директ­оры Ғанимат Нұрмұхано­вқа және «Жаужиев К.­Т.» жеке кәсіпкерлігі­нің жетекшісі Қуаныш ­Жаужиевке салтанатты­ түрде табыс етті.

screenshot_2016-12-16-13-15-13-1Жы­мпиты ауылы бойынша ­№ 290 учаскелік сайла­у комиссиясының  төра­ғасы, Сырым колледжін­ің директорының оқу ө­ндірісі жөніндегі оры­нбасары Жалғас Жолама­новқа Қазақстан Респ­убликасының Орталық с­айлау комиссиясы төра­ғасының  алғыс хаты т­апсырылды.
Аудан басшысы «Кітапхана ісінің ардагері»­ төсбелгісін жуырда зейнетке шыққан ардаге­р кітапханашы Мәлика Ихсанованың өңіріне т­ақты.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале