3.04.2018, 16:06
Оқылды: 52

Мәжіліс депутаты Қаратөбе ауданында болды

Қаратөбе ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл жұмыс сапарымен болып, аудан активімен кездесті.

Кездесудің күн тәртібіндегі басты мәселе Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен наурыз айында жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін насихаттау және талқылауға арналды. Аудан əкімі Жанат Асантаевтың төрағалығымен өткен актив жиынында алғашқы болып сөз алған халық қалаулысы Бақытбек Смағұл:

– Елбасының бес әлеуметтік бастамасы халықтың көңілінен шығуда. Президенттің қандай да бір бағдарламасы, үндеуі, мақаласы, Жарлығы болсын, барлығы халықтың игілігіне, елдің болашағына бағытталған. Парламент депутаттары халықпен жүздесу үшін ауыл-аймақтарға жиі шығып, ондағы халықтың мұң-мұқтажын, тілек-өтініштерін тыңдап, жоғары билік тарапына жеткізуді мақсат тұтады. Өздеріңізді алаңдататын ауқымды мәселелер болса, айтар ұсыныстарыңыз болса, тыңдауға дайынбыз. Толғандыратын әлеуметтік мәселелеріңіз болса, ойларыңызды білдіре отырыңыздар, - деді.

Ел Президентінің биылғы Жолдауы мен бес әлеуметтік бастамасы төңірегінде ой қозғап, пікір білдірген аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали, аудандық мәслихаттың депутаты Нұрлан Меңдешов, Қаратөбе мектеп-гимназиясының директоры Мираш Өтеғалиева, жеке кәсіпкер Тоқтар Омаровтар аталған құжаттардағы халыққа тиімді және өркендеуге бастайтын тұстарды атап өтті.

Ауданға сапары барысында Бақытбек Смағұл М.Мерәлиев атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейін аралап, өңір тарихымен танысты.

Сонымен қатар аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болып, жас спортшылармен жүздесіп, олардың ел намысын қорғайтын намысшыл, қайсар, елжанды азамат болып өсулеріне тілектестігін жеткізіп, олармен естелік суретке түсті.

Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале