7.02.2017, 11:53
Оқылды: 52

Мәжіліс депутаты жалпақталдықтарды қабылдады

????????????????????????????????????

  Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал ауылына арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров, «ТДК-42» телеарнасының директоры Табылғали Сапаров ауыл тұрғындарын қабылдап, олардың арыз-шағымдарымен, ұсыныс-тілектерін тыңдады.


  Қабылдауға келген ауыл тұрғындары сан түрлі мәселелерді алға тартты. Ауыл тұрғындарының айтылған мәселелерін мұқият тыңдаған Мәжіліс депутаты Кеңес Ғарапұлы кәсіпкерлікті қолдау, дамытуға орай мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанын айтып, мемлекеттік бағдарламалар жайында кеңінен түсіндірді.

  Сонымен қатар Мәжіліс депутаты Елбасының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы айтылған өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітіп, қолдауға шақырды.

  -Ауылдықтарды, негізінен, іс бастау үшін несие алу, субсидияға қол жеткізу секілді мәселелер толғандырады. Тұрғындардың көтерген мәселелер жайында жұмыстанатын боламыз,-деді кездесу барысында Кеңес Әбсәтіров.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале