25.08.2018, 9:18
Оқылды: 61

Мәжіліс депутаты Жаңақалада болды

Zhakala deputatҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шафхат Өтемісов Жаңақала ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында халық қалаулысы Қызылоба және Бірлік ауылдық округінде болып, «Ақбұлақ» бағдарламасымен, мал азығын дайындау, көлтабандарға су жіберу секілді ауылдық жердегі қызу жұмыстардың барысымен танысты.


Одан әрі Бірлік ауылдық Мәдениет үйіне арнайы ат басын бұрып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Басқосуда депутат Ш.Өтемісов Елбасының жүргізіп отырған саясатын, соның ішінде бес әлеуметтік бастама туралы Үндеуін тіліне тиек етіп, тұрғындардың түрлі ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

«Бірлік мал зауыты» ЖШС-нің директоры Қ.Ешімов Үкімет тарапынан қой малына жіті көңіл бөлу керектігін, малшы тапшылығын, жанар-жағармай құнының шарықтап тұрғанын мәселе қылып көтерді.

Сондай-ақ Сағын деген ақсақал ауылдан жастардың қалаға үдере көшіп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Ал мектеп мұғалімдері үштілділік пен әйел адамдардың зейнеткерлік жасынының ұлғаюын қолдамайтындарын жеткізіп, қағазбастылықтан әлі күнге арыла алмай жүргендерін жасырмады.

Ақсұңқар СӘДІР

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале