7.02.2019, 17:07
Оқылды: 21

Мәжіліс депутаты Жәнібек ауданында болды

Бүгін Жәнібек ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен келді.

 IMG_0019

Меймандардың іссапары аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен жиыннан басталды. Жиында аудан әкімі Азамат Сафималиев ауданда атқарылған бірқатар істі атап өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Дәрібекұлы Жәнібек ауданына алғаш рет келіп отырғанын айтып, сапардың мақсаты туралы баяндады.

– Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындаған бүгінгі іссапарымыздың мақсаты - тұрғындардың ұсыныс-пікірлері, түрлі сауалдарын тыңдап, қаперге алу, - деді халық қалаулысы. Жиынға қатысушылар тарапынан пікірлер мен ұсыныстар айтылып, сұрақтар қойылды.

Бұдан соң қонақтар Жәнібектегі шекаралық өткізу бекетіне барып, ондағы жол мәселесіне қатысты шекара басшылығының ұсыныстарын тыңдады. Мәселен, шекара басшылығы жолдан бөлек, бейнебақылау және мал өткізген кезде арнайы ветеринарлық бөлімше керек екенін айтты.

Меймандар былтыр «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Д.Нұрпейісова атындағы көшеде салынған екі пәтерлі 20 тұрғын үйді көрді. Сонымен қатар БҚО тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөліміне келіп, аудан тарихымен, тыныс-тіршілігімен танысты.

IMG_0013

IMG_0057

Гүлзара Тілекқабылқызы,

Жәнібек ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале