8.01.2018, 11:29
Оқылды: 29

Мәжілісмен Ақжайықта болды

Ақжайық ауданының орталығы Чапаевта ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жексенбай Дүйсебаев жұмыс сапарымен болды.

Аудан орталығындағы жаңа өндіріс ошағы – «БатысМарқаЛамб» ЖШС-нің ет комбинатымен танысқан соң Жексенбай Қартабайұлының еңбек ұжымдары, ҮЕҰ өкілдерімен, еңбек ардагерлерімен кездесуі өтті.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов Ақжайықтың әлеуметтік-экономикалық тынысымен таныстырды. Ал мейман Ел Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілетті» атты 2017 жылғы Жолдауынан және онымен сабақтас «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ғылыми мақаласынан туындайтын міндет-мұраттарды әңгімеледі.

DSC_0340Депутатқа ауыл бизнесін, қосалқы шаруашылықтарды өркендетуге, жол құрылысы, жер қатынастарына байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Мәжілісменмен бірге бұл сапарда БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Есенғалиев болды.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале