25.04.2017, 11:19
Оқылды: 40

Медиаторлар есеп беруде

????????????????????????????????????

   Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан бойынша тіркелген кәсіби емес медиаторлардың есеп беру кездесуі өтті.

  Аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиевтің төрағалығымен өткен жиынға облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» МКМ жанындағы медиация кабинетінің меңгерушісі Т.Италиева мен медиатор маманы Р.Арыстанғалиева, аудандық әділет басқармасының басшысы Д.Мақашева, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ә.Қарекенов және ауылдық округ әкімдері қатысты.


         Алдымен Тасқала ауылдық округінің кәсіби емес медиаторы Ш.Мусин медиация саласында 2016 жылы және 2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

         Сондай-ақ кездесуге қатысушылар медиацияның артықшылығы мен кемшілігі, азаматтық сот ісін жүргізудегі қорғаушылардың рөлі және тағы басқа тақырыптарда әңгіме өрбітті. Отырыс соңында барлық қатысушылар сұрақтар қойып, ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале