18.07.2017, 15:26
Оқылды: 23

«Медицинадағы мүмкіндіктеріміз арта түсуі қажет»

Ақжайық ауданында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.


Шараға филиал төрағасының орынбасары Айжан Нысанбаева, аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев, аудандық орталық аурухананың директоры Дархан Хайрошев және бірқатар бастауыш партия ұйым төрағалары қатысты.

Еліміз бойынша енгізіліп жатқан міндетті әлеуметтік сақтандырудың маңызы туралы бұған дейін барлық жерде әңгімеленді, тұрғындармен жүздесулер өтті. Жаңа жүйенің негізгі қағидаларын ұғындыру одан әрі жалғасуда.

Жарна төлеуші емдеу орнынан сапалы қызмет көрсетуді талап етуге құқылы. Әлеуметтік маңызы бар науқасқа шалдыққандар да қажетті емін ала алады. Ел болып қолданғалы отырған маңызы зор бағыттың енгізілуі жаңа инновацияның жолға қойылып, салаға көптеген өзгеріс әкелмек. Мысалы, мамандандырылған кардиохирургия, транспалатация, травматология салалары қомақты қаржыны талап етеді. Әсіресе, зерттеу, диагноз қою аппараттары, басқа да құралдар, дәрі-дәрмек қымбаттап тұрған шақта жүйеден түсер пайда осы шығындарды өтеуге қол жеткізу керек. Бұдан кейін, жабдықтарын жаңалаған емдеу мекемелерінің арасында бәсекелестік пайда болып, жауапкершілігі күшейетіні сөзсіз. Осы жайында кеңінен түсіндірген аудандық орталық аурухананың директоры Д.М.Хайрошев жиналғандарға МӘМС-тің мәнісін аша түсті.

Аудандық мәслихат хатшысы Сәлімгерей Сиражев, «Мерей» бастауыш партия ұйымының төрағасы Әсел Мұқанғалиева міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тиімділігін сөз етіп, оны жүйелі жолға қою, әлеуметпен дүркін-дүркін тілдесіп, түсініспеушілік орын алмас үшін жұмыстарды жандандыра түсу жайында айтты.

Жиналғандар жарна төлеу, бөлінген сатылар, емхана таңдау хақында, тағы басқа төңірегінде сұрақтар қойып, сала мамандарынан тиісті жауап алды.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале