20.04.2017, 16:25
Оқылды: 23

Медициналық сақтандыру - заман талабы

Зеленов ауданы орталығында міндетті медициналық сақтандыруды халық арасынан кеңінен түсіндіруге арналған жиын өтті.


Оған «Республикалық Медициналық Палатасы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Мақсұт Құлжанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің БҚО бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Давлетчина және сала мамандары қатысты.

2017 жылдан бастап мемлекет, жұмыс берушілер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуді бастайды. Ерекше санаттағы азаматтар үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі 2024 жылға қарай орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайтын болады .

- Медициналық сақтандыру ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүміндік алады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ақшасы бар азаматтардың емдеу ақысы дәрігерлерге сол қордан төленеді. Ал медициналық қызмет үшін жасалатын төлемдер қордағы ақшадан алынатын болғандықтан, енді емдеу мекемелері арасында бәсекелестіктің басталатыны сөзсіз. Өз кезегінде бәсекелестік медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттырады, - дейді Мақсұт Кәрімұлы.

Жиын барысында қатысушылар өзі тіркелмеген аймақтан тыс жердегі білікті дәрігерлерге қалауынша қарала аламыз ба? Бәсекелестік ортаға түскен денсаулық сақтау мекемелері еделу құнын өсіріп жібермей ме?,-деген сияқты сұрақтарын қойып, маман жауабын алды.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале