13.04.2018, 11:06
Оқылды: 63

Медициналық сақтандыру жайы түсіндірілді

Screenshot_2018-04-13-11-15-42-1Ақжайық селолық Мәдениет үйінде тұрғындарға міндетті медициналық сақтандыру жайын түсіндіру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжановтың төрағалығымен жиналыс өтті.


Міндетті медициналық сақтандырудың БҚО филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова халыққа күн тәртібіндегі мәселе жөнінде кеңінен баяндады.

Осы тақырыптағы жиын Шаған ауылдық округінің орталығы – Жаңа Өмір ауылында да өткізілді.

Жиналыс барысында күн тәртібіндегі мәселеге қатысты тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар аз болмады.

Осыған орай өз кезегінде аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы Бақытжан Митанов, аудандық кірістер басқармасының басшысы Сұңғат Есенғалиев және басқа да бөлім басшылары мен мамандар тиісті жауаптарын берді.

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале