3.03.2017, 16:22
Оқылды: 50

«Мейірімді көктем»

Облыс көлемінде жарияланған «Мейірімді көктем» жобасы аясында Сырым ауданындағы игілікті шаралар басталып кетті. Сырымдық белсенді жастар Орал қаласындағы жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғындары үшін «Мейірімді көктем» атты мәдени шара ұйымдастырды.

Мерекелік шарада Армат Алдамжаров, Ақылбек Кәкімов, Алмаз Жұмагелді, Айдарбек Көлбаев, Сәлімжан Әубәкіров, Бекей Қанатов, Гүлдерайым Опағалиева, Гауһар Құсайынова, Нұрбек Төлепов, Нұртілеу Болат сияқты республикалық ән байқауларының лауреаттары өнер көрсетті. Сонымен қатар ауданның жомарт жастары өз қаржыларына ұлттық дәмдерден дастархан жайып, мекемеге кілем тарту етті. 

Шараның соңында мекеме басшысының орынбасары Мәншүк Жұбандықова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Арман Баяндықов аталмыш жобаның мән-маңызына тоқталды. Ал қайырымдылық шарасын ұйымдастырушы Ақеділ Нұрмашев «Мейірімді көктем» аясында түрлі шаралар өткізу жоспарда екендігін жеткізді.

Б. Шерім,

Сырым ауданы

  zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале