16.05.2018, 17:22
Оқылды: 79

Қаратөбеде мектеп ауласына 150 түп гүл отырғызылды

32290418_841147646075003_6951977147846098944_nҚаратөбе мектеп-гимназиясының «Дарын» интернатының ауласына Сырым ауданының тұрғыны, елжанды азамат Ерлан Сәрсеновтың демеушілігімен 150 түп гүл отырғызылды.

Айтулы шарада мектеп директоры Мираш Өтеғалиева сөз сөйлеп, мектеп ауласын гүлдендіру, оқушыларды табиғатты аялап, қамқорлауға баулу мақсатында жүргізілген шараның мақсаты мен маңыздылығына тоқталып, ізгілік іске бастамашы болған Ерлан Сәрсеновке ризашылығын білдірді.

Ерлан Жолдыбайұлының қызы Нейля Ерланқызы Қаратөбе мектеп-гимназиясы-ның 7-сыныбында білім алуда.

«Дарын» интернаттың тәрбиеленушілері мен бірге Қаратөбе мектеп-гимназиясының оқушылары отырғызып ата-анаға ризашылықтарын білдірді.

– Көктем айы басталғалы мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Оқушылар өсімдіктермен жұмыс жасай отырып, оларды өсірудің қыр-сырын үйренеді. Егілген гүлдер өскенше оларды баптайды. Оқушылар өздерінің өсірген гүлдеріне қамқорлық жасайды. Табиғатқа жанашырлық таныту – адамзат қоғамына, оның келешегіне жанашырлық жасау, - деді мектеп директоры Мираш Спортқызы.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале