4.12.2019, 19:41
Оқылды: 74

Мектепке тігін машинасы сыйға тартылды

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданында бірқатар игі іс атқарылды. Жақынды сондай тағы бір үлгілі істің куәсі болдық. Нақтырақ айтсақ, Алакөл негізгі мектебіне «Аққайыр» шаруа қожалығының иесі Чапай Аққайырұлы демеушілік жасады. Білім ордасына тігін машинасын тарту етті.

qaratobe (2)

 Алакөл негізгі мектебіне қыз балалар үшін технология пәніне қажетті материалдық-техникалық базаны толықтыру, қолөнерге бейімдеу мақсатында тігін машинасы сыйға берілді. «Қыз еркем, кестесімен көркем» демекші, енді оқушы қыздардың тігінмен айналысуға толық мүмкіндігі бар.

Чапай Аққайырұлы қазіргі таңда мемлекет тарапынан субсидия алып, мал шаруашылығымен айналысып отырған қожалық иесі. Сондай-ақ «Аққайыр» шаруа қожалығы кейбір ауыл азаматтарын жұмыспен де қамтып отыр.

 Қандайда игі бастамадан қалыс қалмайтын жеке кәсіпкерге округ әкімі Нұржан Сахипов ауылдастары атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале