15.09.2017, 15:46
Оқылды: 112

Мектептер мен балабақшалар жылыту маусымына дайын

 

Жәнібек ауданында қысқы кезеңге әзірлік ойдағыдай жүргізілуде. Бұл жөнінде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқын Хайырлиев мәлім етті.

Оның айтуынша, басқа да мекемелермен қатар аудандағы білім беру саласындағы нысандар қысқы жылыту мерзіміне толықтай әзір.

-Ауданда білім беру саласы бойынша 10 орта, 2 негізгі, 4 бастауыш мектептер және 9 балабақша болса, солардың ішінде 10 орта,  2 негізгі және 2 бастауыш мектептер мен 7 балабақша газ құбыры арқылы жылытылады,-дейді ол, -Ал бір балабақша мен бір бастауыш мектеп электр қуатына, бір бастауыш мектеп қатты отынға қосылған. Сондай-ақ аудан орталығындағы «Балдәурен» балабақшасы Жәнібек колледжімен бір аулада орналасқандықтан сол колледждің қазандығы арқылы жылу алады.

Аталған бөлім басшысының мәліметінше, 2017-2018 жылғы жылыту маусымына сәйкес барлық білім беру ордаларының ғимараттарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мәселен, А.Оразбаева атындағы мектептің есік-терезелерін, асханасының шатырын ауыстырып, жылыту жүйесін түгелдей жаңарту үшін 12 миллион 40 мың теңге қаржының жұмысы атқарылған. Сол сияқты Т.Жароков атындағы мектептің ауласын жаңадан қоршауға 5 миллион 194 мың 200 теңге жұмсалған. Қысқы жылыту маусымына сай Күйгенкөл ауылдық округіндегі Өнеге бастауыш мектебіне 150 мың теңге қаржыға көмір жеткізілген. Жылыту маусымына әзірлік барысында, сондай-ақ барлық жылыту қазандықтарының газ есептегіш құрылғылары, манометрлері, дабыл қаққыш жүйелері арнайы тексеруден өткізілген. Сонымен қатар мектептердің жылыту жүйелеріне қажетті қосалқы бөлшектер сатып алу мақсатында 1 миллион 94 мың теңге қаржы бөлінген. Аудандағы 10 орта, 1 негізгі мектептің жылыту жүйелері тосын жағдайда іске қосылатын қосалқы энергия көзімен,қамту қондырғыларымен жабдықталған.

Н.Өтей

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале