5.03.2018, 13:52
Оқылды: 58

Мектептерде оқушы саны артқаны байқалады

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің басшысы Миранбек Ибатовтың мәліметінше, соңғы жылдары М.Ықсанов, А.Оразбаева атындағы және «Өнеге» бастауыш мектептеріндегі  бала санының артқандығы байқалады.

Мысалы, М.Ықсанов, А.Оразбаева атындағы мектептерде бұрын тиісінше 173, 111 оқушы болып келсе, күні бүгін сәйкесінше 178, 116 балаға өскен. «Өнеге» бастауыш мектебінде бұрыннан оқитын 8 балаға дәл қазір 2 оқушы қосылғанының өзі көңілге медеу.

-Аудан мектептері бүгін заман талабына сай амал-әрекеттен қағыс қалмауда. Мәселен, аудан бойынша «BilimLand» білім беру порталының жұмысына 4 мектеп онлайн, 12 мектеп офлайн арқылы қосылды. Аудандағы барлығы 16 мектептің  14-іне спутниктік интернет орнатылды,- дейді аталған бөлім басшысы өз сөзінде.

                                                                                 Н.Өтей

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале