13.06.2019, 16:18
Оқылды: 89

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Ашық есік» күні өтуде

Ақжайық ауданында алдағы мемлекеттік қызметкерлер күніне орай кездесулер өткізілді.

aqjaiyq (1)

 Аудан әкімі, мәслихат аппараты және дербес бөлімдерде аудан орталығындағы білім ұялары түлектерімен қатысуымен «Ашық есік» күні өтті. Шара барысына аппарат және бөлімдердің жұмыстары таныстырылып, мемлекеттік  қызметінің негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, құқықтық көмектер көрсетілді.

Түлектерді мемлекеттік орган қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері қызықтырды. Дербес бөлімдер, аудан әкімі аппараты құрылымдық бөлімшесінің мамандары мемлекеттік қызметкердің бір күндік  қызметімен таныстырды, сұрақтарға жауап қайтарды.

aqjaiyq (3)

Ауданның №2 сотында  мемлекеттік қызметкерлер жанұяларына арналып «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметкердің күнделікті жұмыстарымен, олардың фунционалдық міндеттерімен таныстырылды. Сот төрағасы Тамара Ғұмарова өз ұжымының заман талабына сай барлық тұрғынмен, жанұялармен барынша тығыз байланыс ұстап отырғанын әңгімеледі. Жастардың мемлекеттік қызметке қызығушылығын арттыруы мақсатындағы шара барысында сот жүйесінің негізгі бағыттар және мемлекеттік қызметшілер этикасы жайында баяндалды. «Сот кабинеті», «Төрелік» бағдарламалары, сот процестерінде аудио-бейнежазба құрылғыларын пайдалану жайында да кеңінен түсінік беріліп, сұрақтарға жауап қайтарылды.

Осындай шара аудан әкімі аппаратында да ұйымдастырылды. Аппараттағы 35 қызметкердің отбасы мүшелері, туысқандары, олардың арасында ұл-қыздар да келді. Бас инспектор Жәлел Жолдығалиев мемлекеттік қызметкердің күнделікті жұмысымен таныстырды.

Бекем Бекұлы,

Ақжайық ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале