26.03.2018, 12:27
Оқылды: 39

Мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан турнир өтті

Чапаевта Астана қаласының 20 жылдығына орай волейболдан мемлекеттік қызметшілер командалары арасында аудандық ашық турнир өтті. Жарысқа БҚО әкімдігі, Орал қаласы, Зеленов, Қазталов, Ақжайық аудандары әкімдіктері, «Білім – Инновация» лицейі (Орал қаласы) командалары қатысты.

Ақжайық ауданы әкімі Әділ Жоламанов Ұлыстың Ұлы күнімен тұстас келген осы спорт мерекесіне байланысты құттықтау сөз сөйледі.

Тартысты өткен турнирдің қорытындысы бойынша, Ақжайық ауданы әкімдігінің командасы І орынды иеленді. ІІ орынды Орал қаласы әкімдігінің командасы, ІІІ орынды БҚО әкімдігінің командасы еншіледі. Аталымдар бойынша: «Үздік ойыншы» Тіленберген Каюпов (БҚО әкімдігі), «Үздік шабуылшы» Бақытжан Қабиев («Білім – Инновация» лицейі), «Үздік тосқауыл қоюшы» Берік Рахымғалиев (Қазталов ауданы), «Үздік байланыстырушы» Азамат Нұрмұханбетов (Орал қаласы), «Үздік қорғаушы» Максим Мусалимов (Зеленов ауданы) қошеметтелді. Барлық жүлдегерлерге Ақжайық аудандық «Жігер» спорт клубының дипломдары, медальдары мен кубоктары табысталды.

Нұрхат МАҒЗОМ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале