7.04.2017, 16:43
Оқылды: 26

Мемлекеттік рәміздерге құрмет жоғары болуы тиіс

Қаратөбе ауданы әкімінің жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, жауапты сала мамандары, мекеме басшылары, мектепке дейінгі, жалпы орта және арнаулы орта білім беру мекемелерінің директорлары қатысты.


Күн тәртібі бойынша бірінші мәселені аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде ҚР мелекеттік рәміздерін ұлықтауды ұйымдастыру бағытындағы шаралар жоспарына тоқталып, бұл мәселе комиссия тарапынан талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.

Екінші мәселе бойынша аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде ҚР мемлекеттік рәміздердің қолданылуы және насихатталуына тоқталды.

Күн тәртібіндегі ең негізгі мәселені таныстырған комиссия төрағасының орынбасары Сатқан Өмірзақов ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының стандарты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыс орталығынан келген комиссияның шешімі бойынша  тексерілген кейбір мекемелердің мемлекеттік рәміздерінің стандартқа сәйкес келмегендігі анықталды. Бүгінде олқылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Нысан ішіндегі рәміздер бұрыштары мен қабырғаларының дұрыс безендірілуі де заңда анық көрініс тапқан. Осы орайда мекеме басшылары комиссия мүшелеріне түсінік беріп, өзара пікір алмасты.

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале