15.03.2017, 20:18
Оқылды: 57

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту талқыланды

Zelenov zam akin   Бүгін Зеленов ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бойынша кеңес өтті. Аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев төрағалығымен өткен жиынға БҚО әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева, БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау және қаржы басқармаларының бөлім басшылары, БҚО мемлекеттік сатып алу басқармасы және БҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мамандары, ауыл әкімдері қатысты.


   Кеңесте жергілікті бюджетті, қаржылық жоспарды қалай жоспарлау қажеттігі, бюджеттің кірістерін болжау, талдау жөнінде әңгіме өрбіді. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жайлы да біраз талқыланды. Жалпы, қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, өйткені ол тек қана бюджеттің кірісі мен шығындарының жоспарын құруы және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Кеңеске қатысушылар осы тақырып төңірегінде өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, мағлұмат алды.

   Айта кетейік, кеңестен соң облыс орталығынан келген мамандар ауыл әкімдері, есепшілерге әдістемелік көмек беруде аянып қалмады.

 Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале