26.04.2019, 15:36
Оқылды: 36

Мемлекеттің қызметкерлердің әдебі туралы айтылды

Сырым ауданында мемлекеттік қызметкерлердің әдебі жөніндегі жиналыс өтті.

IMG_8910

Жиынға Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Жанар Жұмағазиева, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің БҚО аумақтық инспекция басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Қайырмұханова арнайы қатысты. Мемқызметкердің әдебі туралы Жанар Жұмағазиева айтты.

 –  Мемлекеттік қызметкер телефонмен сөйлескенде, мекеменің  атауын, өзінің аты-жөні мен лауазымын таныстыруы керек. Бұл әңгіменің қызметтің бағытта өрбуіне әсер етеді. Дауыс көтеріп, этиканы бұзуына болмайды. Тек классикалық үлгідегі түс пен сәнді киім киюі тиіс. Алдына келген адамдармен тек қызметтік қарым-қатынаста сөйлесіп, туыстық, жершілдікке жол беруіне болмайды. Мінез-құлық стандарттарын сақтап, пікірсайыста да сыпайылықтан аспауы керек.

Мемлекеттік қызметкерге туған күнді ішімдікпен тойлауына тыйым салынған. Мейрамханада өткізілетін тойларына шақыратын қонағының саны 120-мен шектелген. Несие ресімдеуге кеңес берілмейді. Жұмыстан тыс уақытта қоғамда резонанс тудыратын жағдайлардан өзін аулақ ұстауы керек,–дейді Жанар Дүйсенғалиқызы.

Ал әдеп жөніндегі уәкіл Шолпан Қайырмұханова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау жөнінде айтты.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_8914

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале