8.06.2017, 13:13
Оқылды: 33

Екі облыстың көршілес аудандары арасындағы меморандум

 

Кеше Қаратөбе ауданы және Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімдері меморандумға қол  қойды.

Қос ауданның басшыларының мақсаты - тарихи сананы жандандыру, тамыры тереңге бойлаған қасиетті Қаратөбе ауданы мен Қызылқоға ауданы арасындағы әріптестік байланысты арттыру, мәдени шығармалар қорын байыту.

Кездесу барысында Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров өзара ынтымақта, бірлесіп жұмыс жасау негізінде әрқашан қолдау көрсететіндігін жеткізді.

 

Қызылқоға ауданы – Қазақстанның батысындағы «Қақпақты қара қазан» атанған, ежелден ерлік пен елдіктің мекені болған, шежіреге бай, келісті де келбетті өлке.

Кездесу соңы Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгерееваның рухани кешімен жалғасты.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале