30.05.2017, 18:03
Оқылды: 56

Мен мұндалап қол бұлғайды ауылым

Bokei orda Bisen auili   Әр адамның туған жері өзіне ыстық болғандықтан өсіп-өркендей бергенін, жасыл желекке оранып, жайнай бергенін қалайды. Б.Жәнекешев атындағы орта мектептің 1977 жылғы түлектері (олардың арасында Әл-Фараби атындағы Ұлттық мемлекеттік университетінің профессоры Меңболат Сиықов, облыстық мәслихат аппараты қызметкері Абат Сұлтанов, аудандық мәслихат депутаты Сағындық Сәрсенов, ардагер электриктер Шынтемір Мөкешев пен Тілек Әсетов, тағы басқалары бар ауылдың кіре берісіне сонадайдан көз тартатын белгі орнатты.

  Ал, мектептің 2002 жылғы түлектері орталықтағы саяжайға  «Менің жүрегім Бисен» деген айшықты жазу қалдырды.


   Ашылу салтанатында олар концерт, от шашу ұйымдастырып, тұрғындарға әдемі кеш сыйлады. 1997 жылғы түлектер волейболдан марқұм сыныптасы Төлепов Ақынжан Тілекқабылұлына арнап еске түсіру  турнирін өткізді.

Екатерина ЖОЛДЫҒАЛИҚЫЗЫ

Бисен ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале