29.05.2018, 12:35
Оқылды: 54

«MEN QAZAQPYN» жобасының іріктеу кезеңі Жәнібекте де ұйымдастырылды

Жәнібекке «Мен қазақпын» республикалық телевизиялық жоба аясында  ел ішіндегі  таланттарды тану мақсатында облыстан делегация мүшелері келді.

Қонақтарды қарсы алғаннан кейін жиналған қауым баба рухына тағзым ету үшін ақын, ойшыл­ философ Ғұмар Қараштың ескерткіші жанына жиналды. Ескерткішке гүл шоқтарын аудан әкімі Азамат Сафималиев пен облыстық «Ақжайық» телеарнасының бас редакторы Гүлмира Тілеубаева, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов пен облыстық халық шығармашылығы орталығының «Халық шығармашылығы» бөлімінің басшысы Есенкелді Молдағалиев қойды.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін Талов, Жәнібек,Тау,Күйгенкөл, Қамысты ауылдық Мәдениет үйлерінің жанындағы қолөнер үйірмесінде жасалған туындыларды және көрмесін, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлерінің «Күй - халық мұрасы, халық тарихы» атты көрмесін тамашалады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тәрбиелік мәні зор, ұлттық рухани мұрамызды  дәріптеу үшін өткен жобаға ауданымыздан термешілер мен күйшілер қатысты.

Байқау қорытындысында сөз алған әділқазы мүшесі Есенкелді Ғарифоллаұлы жобаның маңыздылығына тоқталды. «Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, аудандарды аралап жүрген делегаттар ауыл-аймақтардан дарындарды іздеп жүргендерін айтты. Әділқазылар шешімімен күйшілерден жәнібектік Дамир Зинуллин, дәстүрлі ән жанры бойынша жәнібектік Нарынбек Халелов облыстық кезеңге жолдама алды.

Әсемгүл Қуанғалиева,

Жәнібек ауданы

IMG_0126 IMG_0118

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале