12.08.2020, 11:48
Оқылды: 193

Мерейде фельдшерлік-акушерлік пункт амбулатория болып жасақталды

Биылғы көктемде Тасқала ауданы Мерей ауылында "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы арқылы фельдшерлік-акушерлік пунктінің ғимараты күрделі жөндеуден жұмыстары басталған болатын.4A21B5C3-F451-4D26-817B-FB27CC3AC0B2Жөндеу жұмыстарын Замир Сәрсенбаев жетекшілік ететін "СВС Батыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Құрылыс жұмыстарына түгелдей дерлік Мерей ауылының азаматтары қатысып, жұмыспен қамту орталығы арқылы ресми 7 адам жұмыспен қамтылды.

890F1D80-1BDE-4134-BA61-9751D69F6CBF

- Мерей ауылының қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы ретінде жөндеу жұмыстарының сапалылығын бастан-аяқ бақыладым.

Мердігер компанияның жауапкершілігі, ауыл азаматтарының әбжілдігінің арқасында нысан мерзімінен бұрын қолданысқа берілді.

C24855DE-7541-4367-A030-668DD2AE8656

Сәні мен салтанаты жарасқан ғимаратқа өз қаражаты есебінен Замир Әлібекұлы қажетті құрылғылар алып бергенін атап өткенді жөн санаймын.

Фельдшерлік-акушерлік пунктті күрделі жөндеуден қабылдау кезінде ауыл тұрғындары атынан осындай еңселі ғимаратта жаңа жұмыс орындары ашылып, дәрігерлік амбулатория болса деген тілегімізді аудандық аурухана басшылығына да жеткізген едік.

Бұл ұсынысымызды Мақсат Жүнісәліұлы қабыл алып, алдағы уақытта қарастыратынын айтқан болатын.

Міне, қазір халық тілегінің қабыл болып, ауылымызда дәрігерге дейін қабылдайтын амбулатория ашылды.

Бағдарлама өз мақсатын толық орындап бүгінгі күні қосымша 5 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл біздің ауыл тұрғындары үшін атаулы оқиға. Бұрын ауылдастарымыз медициналық көмек алу үшін аудан орталығына баратын. Енді дәрігерлік амбулаторияда дәрігерге дейінгі қабылдап, жалпы практикалық дәрігер, стоматолог, акушер-гинеколог, қан алу және екпе салу бөлмелері бар.

Ақ халатты абзал жандарға істеріне сәттілік, сапалы қызмет көрсетіп елдің алғысына бөленіп жүріңдер дегіміз келеді, - дейді Мерей ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Гүлмира Тұрғаналиева.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале