20.02.2017, 15:25
Оқылды: 48

Мерейлі жасымен құттықтады

SONY DSCЖаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Еркін Сапаров бастаған топ еңбек ардагері Маржан Әлмұханованы 90 жасқа толуымен құттықтап, құрмет көрсетті.


Мерейтой иесіне игі тілегін арнаған Е.Сапаров аудан әкімінің құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тапсырды.

Өз кезегінде зейнеткер мерейлі жасын елеп, қарапайым еңбек ардагерін елеусіз қалдырмаған аудан басшыларына ризашылығын айтты.

Б.ЖАРҚЫНОВ.

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале