23.11.2017, 15:56
Оқылды: 15

Мерейлі жасымен құттықтады

Ақжайық ауданының орталығы – Чапаев тұрғыны Нина Шукурова бүгінде жан-жақтан құттықтаулар қабылдауда.

Ол 90 жасын қарсылады. Ресейдің Киров облысы, Свеча поселкесінде дүниеге келген оны тағдыры Қазақстанмен берік тоғыстырған. Чапаевта 7 жасынан бастап тұрады. Орта мектепті аяқтаған соң Павлодардағы технологиялық техникумды тәмамдап, Чапаевтағы май зауытында мастер, технолог, зертханашы болып өзінің жолдасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Петр Шукуровпен бірге еңбек етеді. Олар бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Қыздары Валентина Чапаевта тұрады. Зейнеткер.

Қарияны аудан әкімі Әділ Жоламановтың атынан Чапаев әкімі Нұртаза Нәбиденов пен Чапаев ардагерлер кеңесінің төрағасы Жігербай Қажығалиев үйіне барып құттықтап, естелік сыйлықтар тапсырды. «Құдайға мың да бір шүкір, бүгінгі күнге жеттім. Бәрінен бұрын еліміздің бүкіл жетістігіне қуанамын»,-дейді Нина Степановна ағынан ақтарылып.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале