1.03.2017, 18:35
Оқылды: 27

Мерейтой иелеріне ілтипат

Алғыс айту күніне орай Қазталов ауданы Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин еңбек ардагерлері Рысты Қожақова, Масғұт Сариевты және ұзақ жыл денсаулық саласында абыройлы қызмет атқарған Мәриям Бекешеваны қабылдады.


- Бүгінгі мерейтой иелерінің туған күндері Алғыс айту күніне тұспа-тұс келіп отыр. Сіздер ауданның дамуына зор үлес қостыңыздар. Біз бұны әрдайым мақтан етеміз, -деген Самиғолла Сафиоллаұлы ардагерлерге алғыс хат пен ескерткіш сыйлық табыс етті.

Ауданның қариялары өз кезегінде ауыл әкіміне алғысын білдіріп, заманның тыныштығын тіледі.

 

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Жалпақтал ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале