23.02.2018, 16:25
Оқылды: 25

Мерейтой иесіне құрмет көрсетті

 

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов Жалпақтал ауылында болып, мерейлі 70 жасқа толған Кенжебай Үмбетовты қабылдады.

Кенжебай Үмбетов бұрынғы Фурманов ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтаған Кенжебай аға А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтына оқуға қабылданып, тарих-филология мамандығы бойынша бітіреді. Оқуды тәмамдаған жас маман №126 Жұлдыз кәсіптік техникалық училищесінде еңбек жолын бастады. 1967-1969 жылдары әскер қатарында азаматтық борышын өтеп келгеннен кейін Фурманов аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы, бөлім басшысы, кейін Фурманов аудандық Мәдениет үйінің директоры, аудандық байланыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. Әртүрлі қызметтерде жетекшілік еткен Кенжебай Үмбетов өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқара білді. Кейін Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорқау басқармасының Қазталов ауданы бойынша бас маманы қызметін атқарып, зейнет демалысына шықты.

-Абыроймен атқарған ісіңіздің бүгінде жемісін көріп отырсыз. Еңбек ардагерлерін үлгі тұтып, олардың игі жолдарын бағалап, жасаған игі істерін ғибрат етеміз. Сіздің еңбек жолыңыз адал да, қажырлы істерге толы,-деген құттықтауын білдірген Сағынғали Ғабидоллаұлы аудан әкімі Абат Абайұлының атынан алғыс хат пен естелік сыйлықты тарту етті.

Мұнан кейін Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин және аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Уалиолла Әбішев алғыс хаттары мен мерейтой иесінің иығына шапан жапты. Қабылдауда сөз алған еңбек ардагерлері мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, естеліктермен бөлісті.

Қабылдау соңында осындай құрмет қошеметі үшін Кенжебай Үмбетов өз ризашылығын білдіріп, алғысын жеткізді.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ,

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале