8.12.2016, 17:53
Оқылды: 55

Мереке ауылында балалар кітапханасы ашылды

Оны салтанатты түрде ашқан Тасқала ауданының әкімі Санжар Әлиев құттықтау сөзінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай балалар кітапханасының ашылуы өте маңызыды іс екендігін айтып өтті.

Ақсақалдар алқасының мүшесі С.Қожабергенов пен әйелдер кеңесінің төрайымы Ж.Әділова жүрек жарды лебіздерін білдірді. Ашылу салтанатынан кейін Мереке ауылдық мәдениет үйінде ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – желтоқсанның жемісі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік концертте аудан әкімі С.Әлиев және Мереке ауылдық округінің әкімі Р.Бермуханов өз аттарынан қызметтегі, қоғамдық өмірдегі еңбектері үшін бірқатар азаматқа алғыс хаттар табыстады. Тәуелсіздік құрдастарына, 16 желтоқсан күні дүниеге келгендерге және 2016 жылы дүниеге келген сәбилерге сыйлықтар табыс етілді. Мерекелік концерттен кейін ауыл ақсақалдары мен үлкендерге арнап мерекелік дастархан жайылды.

Манас Маратұлы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале