12.12.2019, 18:18
Оқылды: 190

Мереке қарсаңында марапатталды

Жаңақала ауданы Көпжасар ауылдық мәдениет үйінде Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Онда ауыл әкімі Нұрбол Серікұлы құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.

janaqala (1)

- Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздіктен асқан қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалды. Тәуелсіздік шежіресі – бүгінгі буын арқылы келер ұрпаққа жеткізілетін баға жетпес игілік. Көрер қызығымыз көп, мерекеміз құтты болсын! - деді ауыл әкімі.

janaqala (2)

Одан әрі Нұрбол Серікұлы түрлі салада аянбай еңбек етіп жүрген бір топ азаматты, қоғамдағы әлжуаз топтарға демеушілік жасап, қолдау көрсеткен шаруа қожалығы жетекшілері мен жеке кәсіпкерлерді марапаттады. Сондай-ақ мерекеде бірқатар еңбек озатына аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мен «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматовтың алғыс хаттары табыс етілді.

Салтанатта ауылдық мәдениет үйі өнерпаздары мен Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебі ұжымы тартымды концерт қойды.

Алтынбек Серікқалиұлы

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале