1.05.2018, 15:51
Оқылды: 21

Мерекелік авто-велошеру өтті

DSC_0311Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асылханұлы бастаған авто-велошеруге Қаратөбе колледжі студенттері, мектеп оқушылары қатысып, аудан көшелері бойымен ҚР-ның Мемлекеттік Туын салтантты түрде алып өтті.

Авто-велошеру қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, достық пен татулықты нығайта түсу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсат-міндеттерін көздеді.

Орталық алаңнан бастау алған шеру Мұхит, М.Нысанов, М.Бекімов, Қ.Жұмалиев көшелерін, жалпы 5 шақырым жолды қамтыды. Шараға жалпы 50 шақты велошабандоздар қатысты.

 DSC_0330- Бүгінгі шеруде еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, алып жүру құрметіне ие болғанымды мақтан тұтатамын. Кең байтақ Отанымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігі, ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық қарым-қатынас мені де қуантады. Ел абыройы асқақтап, даңқы арта берсін! – дейді автошеруге қатысушы Мұхит атындағы орта мектептің мұғалімі Мәди Қайырғалиев.


Тоты ЕСҚАЙЫРОВА 
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале