23.12.2016, 9:38
Оқылды: 37

Мерекелік медаль және Грамотамен марапатталды

Тәуелсіздік мейрамы қарсаңында облыстық әділет департаментінде өткен салтанатта департамент басшысы Нарқұлов Алмат Құрақбайұлы ауданның әділет басқармасы басшысы Атаев Асхат Қажыбайұлының өңіріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін тағып, бас маман Молдағалиева Октябрина Жасталапқызына Әділет министрі Марат Бақытжанұлы Бекетаевтің Грамотасын табыстады. Мерейлерің асқақтай берсін, жерлестер!n-rahymjanov

Аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов әкімдіктің кіші мәжіліс залында ұзақ жылдар жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, білім нәрін сепкен еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз, ханордалық зейнеткер Рәзия Жаманғаринаны қабылдап, 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, Алғыс хаты мен шағын сыйлығын ұсынды. Сондай-ақ, ол мерейжас иесіне облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның Құттықтау хатын табыс етті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, әкім орынбасарлары Р.Зұлқашев, Л.Қайырғалиева, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов және басқалар Рәзия Қылышқызына ақжарма тілектерін айтты.

Қабылдау соңында ұрпақтары аналарына құрмет көрсеткен аудан әкіміне, өздерінің жылы лебіздерін арнаған барша қатысушыларға ризашылығын білдіріп, ескерткіш суретке түсті.

Д.Әлиев,

А.Жүнісов

                                                                                                                                                                                                     www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале