14.08.2018, 15:26
Оқылды: 48

Мерген ауылында қос алаң ашылды (СУРЕТ)

Ақжайық ауданындағы Мерген ауылдық округінің орталығында тұрғындар бірден қос қуанышқа куә болды. Мұнда жаңа спорт алаңы мен мектепке дейінгі балалар ойыны алаңы ашылды.

– Бүгін Мерген ауылында қос бірдей жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Биыл ауданымызда 7 спорт алаңын салу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Мұның бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауларында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іске асып отыр. Тұрғындардың бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысуы денсаулығы мықты ұлтты қалыптастыратыны мәлім,- деді өз құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары Тілек Ғабдушев.

6 млн. 541 мың теңге қаржы қарастырылған спорт алаңының жалпы аумағы 338 шаршы метр. Жарықпен қамтамасыз етіліп, жасанды жасыл шөп төселген. Құрылыс екі айда аяқталды. Ал балалар алаңын салған Талғат Ғұбашев шаруасы кеңге жайылған, атырапқа белгілі кәсіпкер. Ол осы нысанның құрылысы үшін 750 мың теңге жұмсаған. Ауыл балаларының қуанышы үшін өз қолғабысын аямаған жомарт жанның бұл жақсылығы атажұртқа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасаған игілікті ісі болып табылады.

Ауылдық округ әкімі Мәмбетқали Сағаденов аталған алаң құрылысын жүргізген «Орал-СтройТехСнаб» ЖШС директоры Иманғали Қоблашевке сапалы құрылыс үшін аудан әкімінен алғысхат табыстады, Талғат Ғұбашевқа да шексіз ризашылығын арнады. Мерген ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Махат Садықов жастарға алаңды ұқыпты ұстау керегін еске салды. Ақсақал Орынғали Аймұқашев ауыл-елге жақсылық сыйлаушыларға өз алғысын қасиетті домбырада күй ойнап жеткізді.

Осы күн құрметіне орай аудан ауылдары командалы арасында шағын футболдан жолдастық кездесу ойындары өтті.

Бекболат ҚАЛЕНОВ

Ақжайық ауданы

Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН

DSC_0069 DSC_0072 DSC_0063

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале