13.06.2017, 17:08
Оқылды: 27

Мешіт жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті  

 

Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мешіт жамағаты арасында волейболдан жарыс өтті. Спорт додасын ұйымдастыруға жергілікті мешіттің имамы Әділжан Бекқазиев мұрындық болды.

Аталмыш волейбол жарысына 2 команда қатысты. Тартысты бәсекеде командалар бар шеберліктерін көрсетті. Шабуыл жасалып, қорғанысқа да шыққан жігіттер өз командалары үшін аянып қалмады. Қызу тартысты өткен жарыстың нәтижесінде достық жеңді. Жарысқа қатысушы барлық ойыншыға кітаптар мен дипломдар табыс етілді.

Аудандық мешітінің бас имамы Әділжан Төлебайұлының айтуынша, енді мешіт жамағаты спорттық ойын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақ.

 Маралбек АМАНТАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале