18.04.2019, 12:50
Оқылды: 29

Мешіт жамағаты құстарға ұя орнатты

«Адамды адам ететін – мейірім мен қайырым» деген даналық сөзді әркез жадында ұстап, айналасына қайырым-қамқорлықпен қарайтын жандар Жаңақалада да аз емес.

5 (1)

         Аудандық мешіттің бас имамы Ерік Сұлтанов бастаған жамағат «Құстарға қамқорлық жасаймыз!» деген ұранмен құстарға ұя жасап, көмек көрсетті. Мешіт жамағаты өз қолдарынан жасалған ұяларын аудан орталығындағы Тәуелсіздік саябағындағы тал-теректерге іліп, жем шашып, қайырлы іс жасады.

Алтынбек Серікқалиұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале