10.07.2019, 15:13
Оқылды: 140

Мешіт жанынан сауат ашу лагері ашылды

Сырым ауданының мешіті жанынан балаларға арналған жазғы сауат ашу лагері ашылды. Бас имам Әлішер Ералиевтің айтуынша, лагерьдің негізгі мақсаты – діннің құндылықтарын сіңірген жас буынның қатарын көбейту.

dav

Сауат ашу лагеріне қазіргі уақытта тұрақты түрде 37 бала қатысуда. Ұл балаларға 3, қыз балаларға 2 ұстаз білім беруде. Шәкірттер үш апта бойына ұстаздардан Құран әліппесі, ислам әдептері мен иман негіздері жөнінде сабақ алады. Балаларға қазақтың салт-дәстүрлерін ұғындыру, олардың дінмен ұштасқандығын түсіндіру, ауданның тарихи орындарымен таныстыру, Орал қаласына танымдық саяхат жасау да сабақ бағдарламасына кіріпті.

dav

Лагерь келушілері білім алумен қатар, спорттық ойындар ойнап, шығармашылық байқауларға қатысып, жазғы демалыстарын да қызықты өткізіп жатыр. Олар үшін мешіттен жеңіл түскі ас ұйымдастырылған.

dav

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале