28.05.2018, 12:17
Оқылды: 34

Министрлік өкілдері «ӨРЛЕУ» бағдарламасының орындалуымен танысты

Syrym orleu (1)Сырым ауданына жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері басқармасының басшысы Балжан Баяхатова, бүкіләлемдік банк кеңесшісі Қайни Манабаева, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Хангереев, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Қадырғали Надырғалиев келді.


Олар Алғабас және Жымпиты ауылдық округтеріндегі «Өрлеу» бағдарламасына қатысушы жанұялармен кездесіп, жағдайларымен танысты. Қатысушыларды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Өркен Әменов пен жұмыспен қамту орталығының директоры Саламат Иманғалиев таныстырды.

Syrym orleuАлғабас ауылдық округінің тұрғыны Жасұлан Қанатов 2017 жылы «Өрлеу» бағдарламасы аясында 170 мың теңгедей шартты ақшалай көмек алып, оған 7 қой сатып алған. Осы ауылдың келесі тұрғыны Мөлдір Мәжитова да бағдарламаға қатысуға өтініш білдіріп, олар «Өрлеу» арқылы берілген 292 мың теңге шартты ақшалай көмекке 1 қашар, 3 қой және 1 ешкі сатып алыпты. Бағдарламаның басымдығы есебінен, екі жанұяның да жұмыссыз мүшелері тұрақты жұмысқа орналасқан.

Жымпитылық Мөлдір Искалиева өзінің ауласында құс өсірумен айналысқысы келетін. Ол «Өрлеу» бағдарламасының қатысушысы атану арқылы өзінің бизнес жоспарын іске қосты. Бағдарлама арқылы берілген 313 мың теңге көлеміндегі шартты ақшалай көмекке 80 тауық және 8 қой сатып алған Мөлдір ханым бүгінгі күні аудан орталығындағы біраз тұрғынды, тіпті кейбір дүкенді тауық жұмыртқасымен қамтамасыз етіп отыр.

Аудан орталығының іргесіндегі Өлеңті ауылының тұрғыны Серік Құрматов еңбек етуге әуелден бейім азамат еді. Бірақ жалдамалы жұмыстың табысы ойлағандай болмайтын. Серіктің жолдасы Лиданың «Өрлеу» бағдарламасына қатысуға берген өтініші мақұлданғаннан кейін, олар 2017 шартты ақшалай көмекке бұзаулы сиыр сатып алды. Қазіргі таңда мал басы өсіп, Серіктің жеке қорасында екі бұзауы бар екі сиыр тұр. Қайырымдылық айлығы кезінде аудандағы мекеме басшылары мен қызметкерлері 300 мың теңге көлемінде Syrym orleu (2)демеушілік жасап, осы отбасы тұратын тұрғын үй табиға газға қосылды. Байқағанымыздай, бір бағдарламаның біраз жанұяның тұрмысына жарық түсірген. Ең бастысы, еңбек етемін, жағдайымды жақсартамын деген біраз азаматқа жақсы мүмкіндіктер берілген. Министрлік пен басқарма өкілдері де «Өрлеудің» түпкі мақсаты осы деп отыр.

Мәртебелі меймандар бұдан кейін Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұловтың төрағалық етуімен өткен «Өрлеу» және «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламаларының жүзеге асырылуы туралы жиналысқа қатысты.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале