25.04.2017, 11:25
Оқылды: 57

Мүгедектерге көмек

Janibek Mygedekterge komek   Жәнібек ауданы бойынша 502 мүгедек есепте тұрып, аудандағы халық санының 2,8 пайызын құрайды.


  Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі Ләззат Айтқалиқызының мәліметінше, мүгедектік көрсеткішінің қарқындылығы, оңалтудың жеке бағдарламасына сай оңалтуды жүргізу бойынша жыл басынан 7 адам кресло-арбалармен, 42 мүгедек тифло-сурдо құралдармен, 10 адам протезбен, 30 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.

  Сондай-ақ жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметі 48 мүгедекке және балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу көмегі 10 мүгедек балаға тағайындалған. Сонымен қатар 2 мүгедек бала мен 17 ересек мүгедекке Ақмола облысының Щучье қаласындағы  «Алмаз», «Тәуелсіздік» шипажайларына тегін жолдама берген.

Н.Өтей

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале