22.06.2017, 17:39
Оқылды: 41

Мұратсайда ауызашар берілді

Janibek auizashar   Жәнібек ауданы Мұратсай ауылында ораза ұстаушыларға ауызашар берілді. Мәдениет үйі қызметкерлері ұйымдастырған бұл сауапты іске аудандық мешіттің бас имамы Назымбек Иманғалиев арнайы келіп, құран оқып, уағыз айтты. Ауыл жастары жайған дастарханға А.Құсайынов атындағы орта мектеп мұғалімі Мирхан Қуаншалиев тоқты атады. Ауызашарға жиналған жамағатқа мәдениет үйінің директоры Қасым Есекешев  Алла разылығы жолындағы  ниеттерің, ұстаған оразаларың қабыл болсын деген тілек   білдірді.


   Сондай-ақ аудандық мешіттің бас имамы Назымбек Иманғалиев өздерінің отбасылық наубайханаларынан ауыл тұрғындарына 300 нанды тегін таратты. Осынау айлардың сұлтаны саналатын Рамазан айындағы сауапты ісін ол  былай деп түсіндірді.

   – Әке-шешем ауыз бекітпегендіктен, алғашқы күні солардың атынан 100 нан, келесі күні ата-әжем үшін 100 нан, үшінші күні ұлымның қарын садақасына (қызға алтын, ұлға күмістің мөлшерінде есептеледі) деп тағы да 100 нан дүкендер мен шайхана, дәмханалар арқылы тұрғындарға тегін үлестірілді.

Г.ТҰРСЫНТЕГІ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале