21.01.2021, 21:00
Оқылды: 30

Мұратсайда демографиялық дүмпу бар

Өзге ауылдық округтермен салыстырғанда ықшам, халқы айтарлықтай аз Мұратсайда демографиялық дүмпу бар екен. 2018 жылы 16 шақалақ, 2019 жылы 13 сәби өмірге келсе, өткен жылы 21 сәби дүние есігін ашқан. Бұл округ әкімі Мейрамбек Ғилмановтың баяндамасынан белгілі болды.

141137795_2440530006093427_2499572048457036984_n (1)

Округ бойынша 54 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 37-сінің қожайыны мұратсайлық болса, қалғанының қожайыны басқа ауылдардан. Өткен жылы 12 шаруа қожалық субсидия, «Агробизнес», «Сыбаға» бағдарламалары арқылы мал басын еселесе, алты шаруа қожалығы инвестиция есебінен күн панелдерін орнатып, төрт шаруа қожалығы құдық қаздырды.

Ауылдық округ бойынша төрт дүңгіршек, бір стоматология кабинеті қызмет көрсетеді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы алты адам «Нарын-Несие» серіктестігінің қолдау қаржысы арасында бір адам өз кәсіптерін жолға қойды. Бұдан басқа 18 азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 9 млн 823 мың теңгенің грантын алды.

Мұратсайда газ бен су мәселесі толықтай шешілді деуге болады. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 252 млн теңгеге жуық қаржы бөлініп, Мұратсай ауылішілік су құбыры қайта жөнделіп халық игілігіне берілді. Қазіргі таңда 169 үйдің 163-іне таза су, 162-сіне табиғи отын тартылған.

2020 жылға жоспарланған 1 297 895 теңге мөлшеріндегі салықтық түсімнің 74 мың 911 теңгесі қазынаға түсіп отыр.

140568991_2440530192760075_5115140172014274265_n

Округ бойынша 94 адам жұмыссыз болып тіркелді. Жыл бойына 95 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылып, 3 тұрғын кәсіптік оқу жолданды.

Он үш отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Мұратсайлықтардың қайырқомдығы мен ұйымшылдығы аудан жұртшылығына жақсы белгілі.

Мектеп түлектері көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратып, екі отбасыға «Отау ТВ» тарелкасы алынып берілді. Маскалар тігіліп, тұрғындарға тегін таратылды. Ауылға кіреберіс автожолына арка, Жеңіс сквері, балалар ойын алаңы салынды.

Ауыл тұрғыны, ардагер ұстаз Мәстура Хабиева пандемияның түрлі шектеулеріне қарамастан аудан, ауылда біркелкі істер атқарылғанын айтып, аудан, ауыл әкімдерінің жұмысынан қанағаттанарлық деген баға беріп, ауылдағы балабақшаны күрделі жөндеу, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын жасақтау мәселесін көтерді.

Шәпен Дүйсенғалиев фельдшерлік-амбулаториялық пункттің тозығы жетіп тұрғанын айтып, жаңадан салынса деп ұсынысын айтты. Ағамыз көтерген мәселенің бірі – трансформаторларды қоршау.

Мейірбек Бұқаров бөгет өткелін бекітіп, қайта жасақтау мәселесін ортаға салды.

Жарыссөзде көтерілген мәселелер бойынша аудан басшысы жауап берді.

– Балабақшаны күрделі жөндеу мәселесі сол балабақшаға баратын бала санына қарай шешіледі. Бала аз болса, қомақты қаржы салып, күрделі жөндеудің маңызы қандай деген сауал туындары анық. Тозығы жетіп, көбесі сөгіліп тұрған жоқ. Лекерлеп, ағымдағы жөндеуден өткізуге болады. Ал ФАП-ты түбегейлі қайта жөндеу, тіптен қайта салуды облыстық денсаулық сақтау басқармасының назарына ұсынатын боламыз. Бөгетке өткел салу 880 миллион теңгені қажет етеді, жобалық-сметалық құжаттамасын дайындаудың өзі 40 миллион теңге жұмсалады. Ол дамбаны жасақтаудағы мақсат көлік жолы ретінде пайдалану емес, суға тосқауыл болу жасақтайды. Дегенмен Жамантаудың қиыршық тасын іске асырып, өткелді көтеріп бекітуге болады, - деп жауап берді.

«Орда жұлдызы»

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале