7.04.2017, 16:38
Оқылды: 32

Мұражай төріндегі киелі шапан

Қаратөбе ауданына қарасты Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің мұражайында ХІХ ғасырға тән көне жәдігер сақтаулы.

Мұражайда ілулі тұрған өзіндік ерекшелігімен көзге бірден түсетін шапан мұражай жетекшісі Әділет Мусағалиевтің айтуынша, шапан ХІХ ғасырдың қиын-қыстау заманында өмір сүрген, Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Қилы ауылында 1900 туған Ғабдісалам Келметовке тиесілі.

Ұлы Отан соғысының ардагері Ғабдісалам атамыз Кеңес үкіметі тұсында өз қаражаты есебінен мешіт салдыртып, ірі дінбасы болған адам. НКВД-нің есебінде тұрған.

2010 жылы қазан айында Мәскеу қаласынан этнограф-ғалым, профессор Елена Ларина мен Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғабит Хасанов Егіндікөл ауылына сапарлап келеді. Ауылдың сексен жастағы қарт тұрғыны, Ғабдісалам Келметовтің қызы Ұштап Ғабдісаламқызына жолығып, дидарласады.

Елге сыйлы Ұштап әжей шапан мен малақайды 2013 жылдың 11 сәуірінде мектеп мұражайына аманаттап тапсырады. Содан бері киелі дүние мұражайдың құндылығын арттырап-ақ тұр.

Ертай БИМҰХАНОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале