5.12.2019, 16:49
Оқылды: 49

«Нан алатын ақша берші?»

Жігіт ағасы маған қарап алақанын жайды. «Айып болмаса, маған 120 теңге бере аласың ба? Нан алуға сәл тиыным жетпей тұрғаны»...

Бұл қаладағы базар маңында жолыққан бейтаныс ағаның сөзі. Қара суықта бүрсең қағып, өткен-кеткеннің бәріне осы сөзді қайталап тұр. Бірлі-жарым кісілер беріп жатыр, кейбірі мән де беріп қарап жатқан жоқ.

Менен де сұрады. «Қызым, айып етпесең, маған...»

-Оны не істейсіз?

-Не істеуші едім, нан алам, - деді қатқыл үнмен.

«Жұмыс жасамайсыз ба, осылай сұрап тұру ұят емес пе, аға?»деген сұрағыма, «Ақыл айтпаңдаршы, көкем, менде кезінде ақылды болғам. Қажет десең дипломым да бар. Мына тұрған жігіттердің бәрі де ақылдылар. Тек жұмыс жоқ. Ешкім бізді алғысы келмейді», - деп өкпе-ренішін білдіріп, менен қашқақтай бастады.

6 (1)

Күні бойы салпақтап көше кезіп тамақ іздеген, киімінің сау тамтығы жоқ,көзі домбығып ісінген бірі бос шөлмектердің түбін қағып, бірі тамаққалдықтарын теріп, әйтеуір жүрегінің тоқтамауын тілеп тіміскіленуде. Бұл көріністер, бір қарағанда, жиіркенішті болғанымен нағыз жанталас тірлік еді. Әңгіменің ауаны көшедегі қайыр тілеп жүргендер туралы екендігін түсінген боларсыздар.

Мұндай адамдар біздің елдің әр өңірінде кездесетіні жасырын емес. Оған көпшіліктің көзі үйренген. Рас, бұл тақырыптың  бүгінде өзекті мәселенің біріне айналғаны да қашан?! Оларды өмірдің өгей перзенттерді сияқты қылып қойған қоғам емес, өз әлсіздіктері-ау? Шешу жолдары да талай рет қарастырылған. Газет беттеріне де жазылды, «көк жәшіктен» де көрсетілді.

«Атымды атама, балам ренжиді...»

Дегенмен мені мазалағаны осынша өмірден орнын таппай адасып, әлсіздікке орын берген әлеуметтік топ аядай Ақсай қаласында да етек жайып келе жатқандығы.  Оған не себеп? Қайыршылық жолға кім түседі? Тілемсектеніп жүруге не түрткі? Әлде «қайыршыда –қоғам перзенті» деп мүсіркей қараған сайын, оңай олжаның жолы осы деп шынымен кәсіпке айналдыруда ма? Осы сауалдар санамды мазалап зерттеу мақалама тақырып болды.  Мен осы қайыршылар деп аталатын өзгеше топты бақылау үшін Ақсай  көшелерін кезіп, мүмкіндік туып жатса сұқбаттасуға шықтым. Олар көбірек шоғырланады деген орындарға тарттым. Әрине, олардың қаладағы көп шоғырланатын жерлері – адамдар көп жүретін мешіт, вокзал және базарлар екені белгілі.

Күн жұма. Мешіт алдында бір топ болып әлгі «қоғам перзенттері» тұр. Әйтеуір мешітке кіреберісіне тізіліп, жайғасып алыпты. Бейне бір жақын туысын күтіп отырғандай.Жандарына барып, жайып қойған орамалдарына тиын-тебен тастап, қол жайған бір-екеуін әңгімеге тартып едім, жұмыс қызған шақта кедергі келтірдің дегендей сауалыма суық жауаптар қатты. Бірлі-жарымы менің ыңғайымды біліп, ауылын аулақ салып, ұзай берді.   Басқаларына қарағанда сәл жинақы киінген апай жатырқайтын емес. Сауалымды қойып, сөзге тарттым. Тіленіп жүрсе де  төмендер түрі жоқ. Тіпті сөзімді де менсінер емес. Не керек, алдына жайылған орамалына тағы да үстемелеп тиын тастағаным сол еді,тіленші тәубесіне келіпмен тастаған теңгеге алғысын жаудырып, апам әңгіменің көрігін қыздырды.

Сұрақ қоя бастадым.

– Өзіңіз жайлы айтсаңыз? Атыңыз кім? Қайдан келдіңіз?

Менің атымды айтып, телевизорға шығармаңыз. Әйтпесе, балаларым «мама, мұныңыз не? деп ренжиді.

Сол сәтте спирттің иісі мүңк ете қалды. Жаңағы жағымсыз иіс жақындаған сайын күшейе  түсті.

– Балаларыңыз бар ма?

– Әрине, бар. Немерелерім де бар. Жолдасым да бар. Үйім де бар.

Мен таңдана түстім.

Шынымен тіленшіге аса ұқсамайтын бұл апайдың осы тірлігі кім-кімді де таң қалдырары сөзсіз еді. «Апа, сіз осыншама бай бола тұра неге осы жолда жүрсіз?» дедім таңданысымды жасырмай.

  • Қайдағы бай. (Әрине, ол кісі менің сөзімді тура мағынасында түсінді).

 «Мен ауырамын, сыртым әдемі болғанымен, жұмысқа жарамаймын. Күйеуім де жұмысқа жарамсыз. Қазіргі жастарды білесіз ғой, олар бөлек тұрғысы келеді. Сосын да өз күнімізді өзіміз көрейік деп тірлік жасап жүрміз.

  • Сонда осы жолдан тапқан ақшаңыз күнкөрісіңізге жете ме?
  • Әрине. «Аққа құдай жақ» деген. Адамдар мені жақсы көреді. Менің ешкімге зияным жоқ. Тек бар болғаны шын ниетіммен тілеулерін тілеп, алғыс жаудырып отырамын. Адам адал болу керек. Адам сонда ғана жақсылыққа жетеді т.с.с... (Апам сол жерде біраз «ақылын» да аямады.)
  • Күн суықта сыртта тұрмай-ақ, еден жуып болса да сол табысты табуға болмай ма, апа?
  • Айтып тұрмын ғой, мені ешкім жұмысқа алмайды. Жұмысқа жарамаймын.
  • Сонда осылайжүребермексізбе? Осы жолданшығу  ойыңызда бар ма? Сауалымабағанаданберіжүрексөзінжеткізіпжатқанжанләм-мим демеді.

Білем, түсінем.Мен де сұрамадым. Сәлкүрсініпалып, тереңойғабатыпкетті. Иә, бұлардың да сезімі бар, түйсігі бар. Бірақ...

«Қызым, маған көмектесші?...»

Апамызбен сөйлесіп тұрып мешіт ауласының кіреберісінде аяғында тозығы жеткен жазғы аяқкиімі бар қарт кісіні де бақылап тұрдым. Қайыршы деп осыны айтуға болатын шығар...

Адам аярлық. Түрін айтсаңшы, бет-аузы күстеніп, қолы қарға тұяқтанып кеткен. Әрең жүреді. Тілемсекті тілге тартпақ ойым бар. Қолқаны жарған жағымсыз иісіне де қарамай жанына жетіп бардым.

Пайымдауымша, жасы 60-тан асқан ер адам.

-Аға, атыңыз кім, қай жақтан келдіңіз?

-Мен, мен... – деп тұтыққан қарт жөнді сөз айтпағанына жылдар өткен сияқты. Аузынқисайтып, әреңсөйледі.

– Мен Астанадан жақында келдім. Атым Сайлау. Негізі туған жерім Сырым ауданы. 2000 жылдары әйелім үш баламен ажырасып, басқаға тұрмысқа шығып кетті. Менен жас болатын. 1 ұл, 2 қызым бар. Олардың бәрі де Астанада тұрады. Жақында,  өзімше, әкесімін ғой деп барғанмын. Онымен олар мені қабылдамады. Қуып жіберді.

-Неге қуады. Сіз бәлкім, «ащы суға» үйір боларсыз?  Жалпы мұндай жағдайға қалай түстіңіз?

-Жоқ. Мен ішпеймін. Жастайымнан қиындық көп көрдім. Қара жұмыс жасадым. Оқымаған адам қайтсін... Қайжерге барсам да жұмысқаалмады. Әйтпесешамамкелетіншаруалар да бар еді. Тұратынүйім де болмады. Кейін жұмыстың ыңғайы болмаған соң осы айналадағы бір дөкейдің малын бақтым. Сөйтіп жүріп қарайып та қалдым. Қазір көріп тұрғаныңдай жүре де алмаймын. Зейнеткерлікке 2 жыл бар. Осы тапқаныма нан алып жеймін де,мына көп қабатты үйлердің бірінің жертөлесіне барып, түнеймін. Қызым сен, журналиссің ғой, маған тым болмаса, паналайтын жылы жер тауып беруге көмек етші» деді жалынышты үнмен. Мені өздігімнен қарттар үйі де қабылдаамады. Бәлкім, сендер айтсаңдар...

Түсінгенім – тумысынан тағдырдың тезіне ұшырап келе жатқан бұл кісінің жолы бір болмапты. Қатты аядым, бағанағы көрген сұрықсыз көріністерім санамнан өшіп, өмірге басқа көзбен қарағандай болдым. Дегенменөзінен де кінә бар шығар деген ой санамда жылт-жылт етіп тұрды.

Әжімторлағанжанарысуланып, сүреңсізбетінбірсүртті де, маған тиын бермейсің бе?Дегендейнұрытайғанжанарыменсүзілеқарады. Ұсынған тиынымды алақанына салып, сүйретіле басып кете барды.

«Жұмадан қалмаймын»

Енді бірі өзін Раушан деп таныстырып, жоғары билікті кінәлап қояды.

«Ешкім бізге жаны ашымайды. Жолдасым дүниеден өткелі осы көрген күнім. Балалар өз-өздерімен кетті. Менің жүрісім осы. Кеште барып, мен де бір жертөлелерді паналаймын. Барымша жұмадан қалмаймын» Осылай тоқтаусыз  бір өзі-ақ «сұқбат» берген Раушан апайдың «Жұмадан қалмаймын» деген сөзіне таңдана қарап, «сонда сіз, намаз оқисыз ба?» дедім.

Жоқ. Жұма күндері осы  мешіт алдына келіп, барлық адамға дұға тілеп, жақсы сөздерарнаймын.

Сөз ауанынан аңғарғанымыздай таң бозынан кешке дейін қу құлқынның қамымен бүрсең қағып, көше кезетінмұндай адамдар үшін  қасиетті жұма күні жұмыстың нағыз қызған уақыты. Бұл күні табыс та молырақ түсетін көрінеді.

Иә, бұл қаңғыбастық пен қайыршылық – өмірден жеңіліп, күресуге күші қалмай, тек күндік тіршілігін қамдап, қайыр сұрау  бір сәттік, бір күндік қажеттіліктерін ғана қанағаттандыратын орта бұл. Иә, бүгінгі таңда бұлардың түр-түрі бар. Бірі шарасыздықтан қол жайса,енді бірі ащы суға ден қойғандар.

Мүмкін сенің туысың?...

Осы топтың ішінде мені мазалағаны Сайлау ағаның тағдыры еді. Қызым, маған тым болмаса, паналайтын жылы жер тауып беруге көмек етші» деген сөзі құлағымнан кетпей, аудандағы қарттар үйіне, «Тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына», аудандық полиция бөліміне  осы жағдайды айтып,хабарластық.

Қарттар үйінен де бір орын бұйыру оңай шаруа емес екен. Олардың айтуынша, ешқандай қамқорлықсыз қалған жағдайда; балалары шет елде тұратын болса;I,II топтағы мүгедек болған жағдайда; балалары ақылы бөлімге өтініш берген болса, ғана қарттар үйіне қабылданады екен. Ал біздің кейіпкеріміздің  осы аталғандардың ешқайсысына да сәйкес келмейтіндігін жеткізді.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығына келсек, ол орталықты паналайтындар өз-өзіне толықтай көмек көрсете алатын адамдар. Кейіпкеріміздің өздігінен жүріп-тұруы қиын болғандығынан бұл орталыққа да келуге жолы болмады. Ал аудандық полиция бөлімі «Бұл кісі жақын арада келген болуы керек. Жедел түрде анықтап алдағы уақытта бұл кісімен жұмыстанатындықтарын жеткізді. Және мұндай адамдар құжаттары болмаған жағдайда, олар уақытша бейімдеу орталығына апарылып, құжаттандырылатын болады. Алайда шыққаннан кейін үйреншікті кәсібіне оралып жатқандар аз емес», – дейді.

Алдағы уақытта бұл кейіпкеріміздің жай-күйі назарымызан тыс қалмақ емес.

Дегенмен өз қайратынан күдер үзіп, қоғамнан көмек күтуге көшкендердің тағдыры қиын-ақ.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале