22.06.2017, 16:39
Оқылды: 36

"Нарыным деп толғанам" жыр жинағы жарық көрді

orda kitapБөкей Ордасы ауданы Бисен ауылдық округіне қарасты  Көктерек елді мекенінің тұрғыны Қадырбай Айтасовтың «Нарыным деп толғанам» атты жыр жинағы жарық көрді.


Сайын дала төсінде ат үстінде жүріп, жүйрік  те баптаған, домбыраның шанағынан тамылжыта күй төгілткен  азаматтың  ара-тұра алыстағыны шалатын қырағы көңілінен өрілген өлеңдері осылайша, бөкейлік оқырмандарға жол тартыпты.  Оралдық ақын Дариға Мұштанова мен өз жерлесі, облыс ақыны Кенжеғали Балабасовтар алғысөз жазған  бұл туындыға «Әйел деген бақытың», «Нарын қасіреті», «Әкені жоқтау» сынды біраз жырлары топтастырылыпты. Жанұялық суреттер де әдемі көрініс тапқан.

Өз тілшімізден

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале