3.07.2017, 11:49
Оқылды: 152

Наурызбай Қарағойшин Жаңақала ауданының әкімі болды

19554723_1502783246427657_2367477039294171164_nОблыс әкімі Алтай Көлгінов Жаңақала ауданы активіне жаңа әкімді таныстырды.

Бұған дейін Жәнібек ауданын басқарып келген Наурызбай Қарағойшин Қадырбайұлы аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Жаңақала ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Облыс әкімі Алтай Көлгінов әкімді жаңа орнымен құттықтап, табысты жұмыс тіледі. 1960 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары.

1981-1986 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтында білім алған; 19665425_1502783306427651_8464821855439386100_n

1986-1987 жылдары – Жаңақала ауданы «Айдархан» совхозының аға зоотехнигі;

1987-1990 жылдары – Жаңақала аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, нұсқаушысы;

1990-2003 жылдары – Жаңақала ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында басқарма төрағасы, бас зоотехник, директор;

2003-2010 жылдары – Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары;

2010-2013 жылдары – Қаратөбе ауданының әкімі;

2013-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды;

2016 жылдың 30 мамырдан бері Жәнібек ауданының әкімі болды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале