21.04.2017, 16:11
Оқылды: 21

Назерке Астанаға барады

 

Күні кеше ғана Орал қаласында «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңі мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды.


Аталмыш байқауда зеленовтық өрендер де тамаша өнер көрсетіп қайтты.

Атап айтсақ, қолөнерден І орынға лайық деп танылған Назерке Сыйлыбаева (жетекшісі Гүлсім Иржанова) Астана қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Халықтық музыкадан Нұрай Үмбетова ІІ (жетекшісі Айболат Бекбаев), эстрадалық әннен Айдана Мұхатова ІІІ (жетекшісі Мейірман Айсағалиев), хореографиядан «Нұрай» би ұжымы ІІІ орынға (Гүлмира Алканова) ие болды.

Эстрадалық әннен Полина Сармина, биден «Айгөлек» ұжымы, көркем сөзден Диляра Мазалиева, қолөнерден Наташа Иртекеева дипломант атанды.

 Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале