20.04.2018, 11:27
Оқылды: 54

Ниязбек Оңайәлиев - «Жәнібек барысы»

 

Жәнібек аудандық Мәдениет үйінде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің Жәнібек аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Оған аудан бойынша бес палуан қатысты. Олар: Рахмет Кенжеғұлов (Ақоба ауылы), Нұрболат Әбекенов (Тау ауылы), Ниязбек Оңайәлиев (Жәнібек), Асылхан Құдияров (Жәнібек) және Серік Самодиянов (Жәнібек). Бесеуінің де бірінші дәрежелі спорттық атақтары бар. Аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөз сөйлеп, палуандардың Елбасының жүлдесі үшін өткелі тұрған турнирдің іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, облыста аудан намысын абыроймен қорғауға тілектестігін білдіріп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жәнібек ауылының тұрғыны Төлеген Дошимов Қажымұқан бабаларының жолын жалғаған палуандарға ақ батасын берді. Сонымен, «күш атасын танымас» деген, бір-бірін алып та, шалып та жыққан палуандар жүлделі орындарды былайша бөлісті: 1. Ниязбек Оңайәлиев, 2. Серік Самодиянов, 3. Асылхан Құдияров. Палуандарға алған орындарына қарай дәрежелі дипломдар мен медальдар, бағалы сыйлықтар салтанатты жағдайда табыс етілді.Осымен екінші мәрте «Жәнібек барысы» атанған Ниязбек Оңайәлиев енді облыстық турнирде бақ сынайтын болады.

А.ЕСІРКЕПОВ,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале